Отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды

Шымкент қалалық соты, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының м.а. Қ.Исламов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова және ҚР «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті Л.Қойшиева қатысты.

Меморандумның мақсаты – отбасылық қатынастар мен құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған жағдайлар жасауға, сондай-ақ Шымкент қаласының АХАТ бөлімдерінде психологиялық кеңес беру арқылы ажырасудың алдын алу, некелік және отбасылық қатынастарда мәдениетті сақтаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Тараптар өзара ынтымақтастық бағыттары бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта құжат аясында АХАТ органдарында «татуласу бөлмелері» құрылатынын, онда «Қазақстан әйелдері республикалық кеңесі» ҮЕҰ-ның Шымкент қаласындағы филиалы ажырасуға өтініш берген жұбайлармен кездесулер өткізетінін жоспарлап отыр.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...