Шымкентте депутаттар этномәдени бірлестіктердің ұсыныстарын тыңдады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте депутаттар этномәдени бірлестіктердің ұсыныстарын тыңдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу — Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді.

Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді.

Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Этномәдени бірлестік өкілдері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында депутаттар этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірдегі маңызын ерекше атап өтіп, ынтымақ пен бірлікке бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...