Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Өз құттықтауында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше екенін айтты.

– Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

t.me/aqorda_resmi

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...