Түркістан облысының әкімі ҚР Парламенті сенаты мен мәжілісінің депутаттарымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының әкімі ҚР Парламенті сенаты мен мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Бүгін Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев, Ұласбек Сәдібеков, Қайрат Балабиев, Кенжеғұл Сейтжан және Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулыларымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесіп, қабылданған жаңа Заңдар, өңірді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Өңірді дамытуда өздеріңіздің қолдауларыңызды сезініп жүрміз. Биыл «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Ол үшін ел атынан алғысымды білдіремін. Жартыжылдықты қорытындылап жатырмыз. Барлық аудан, қаланы аралап, елдің тілектерін тыңдадық. Қорыта келе газ, ауыз су мәселесін түбегейлі шешу, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешумен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасауды басым бағытқа қойып отырмыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, өндіріс орындарын ашу, индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерді дамытуға күш салудамыз. Мақсатымыз – жұмыс орындарын ашу және облыстың өзіндік кірісін ұлғайту. Бұл ретте сіздермен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесуде депутаттар еліміздегі саяси реформалар, Президенттің бастамалары, жаңадан қабылданған Заңдар туралы ой-пікірлерін айтып, алдағы жоспарларын таныстырды. Бюджетті қалыптастыру, қуаңшылық мәселесі, ауыл шаруашылығындағы түйткілдер, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де көтерілді. Халық қалаулылары Түркістан облысын дамыту жұмыстарына оң бағасын беріп, елдің әлеуетін көтеру бағытында бірлесе іс атқаруды жалғастыратындарын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...