«Senat Open» ашық кубогының жеңімпаздары анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Senat Open» ашық кубогының жеңімпаздары анықталды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен Түркістанда шахматтан ІІ «Senat Open» ашық кубогының жартылай финалдық кезеңі өтті.

Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған турнирге Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан іріктелген ең мықты 35 шахматшы қатысты.

Турнирді облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов ашып, 6 ғасырда Үндістанда пайда болған шахмат ойыны өзінің тереңдігімен ерекшеленетін және әлем бойынша стратегиялық ойлаудың символына айналған ойын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы елімізде шахматтың қарқынды дамып, өңірлерде шахмат клубтары мен мектептері жұмыс жасайтындығын атай келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, жартылай финал швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Ойын рапид форматында өтті. Нәтижесінде үздік шахматшылар анықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Турнирге қатысушылар шахмат ойыны арқылы өздерінің шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық және логикалық ойлау қабілетінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Енді жеңімпаздар 29 тамызда Астанада өтетін финалдық кезеңде оңтүстік өңірдің намысын қорғайтын болады.

Түркістан облыстық мәслихаты

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...