Түркістанда аэрация әдісімен күніне 2 рет жолдарды суару жұмыстары жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда аэрация әдісімен күніне 2 рет жолдарды суару жұмыстары жүргізілуде

Түркістан қаласында жазғы кезеңде ауа температурасының жоғарылауына байланысты жол жамылғыларын аэрация әдісімен суару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Аэрация – +30°C-тан жоғары температура кезінде асфальт жабындарының қызып кетуіні жол төсемелерінің сапасын сақтап, мерзімінен бұрын тозу қаупін азайтатын тиімді әдіс. Сонымен қатар, жол жиегіндегі жасыл белдеулер мен гүлзарларға қажетті ылғал беріп, аптап ыстықта өсімдіктердің күйіп кетуінен қорғайды.

Суару жұмыстары арнайы техника мен бүріккіш құрылғылардың көмегімен күн сайын таңертең және кешкі уақытта жүйелі түрде атқарылуда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...