«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

2025 жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен аумақтық департаментатерінде Ашық есік күні өтті.

«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде құқықтық кеңес беру, азаматтарды қабылдау, Агенттіктің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы презентациялар ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тарапынан азаматтарға түрлі құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ агенттікке осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары келді. Көпшілігі болашақта өз мамандығын құқық қорғау органдарымен байланыстыруға және елімізде жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді.

Іс-шараға қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыптарын қозғай отырып, өз ұсыныстары және тілектерімен белсенді түрде бөлісті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру жөніндегі идеяларын ұсынды.

Мұндай іс-шаралар азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

__
❗Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...