Денсаулық сақтау саласының тәжірибелі ұйымдастырушысы және білікті нейрохирург — Xnews — ақпарат агенттігі

Денсаулық сақтау саласының тәжірибелі ұйымдастырушысы және білікті нейрохирург

Тоқбергенов Нұраш Менлітайұлы – тәжірибелі денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, жоғары санатты дәрігер-нейрохирург. 1984–1992 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған, 1993 жылы интернатураны «Хирург» мамандығы бойынша тәмамдаған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіби еңбек жолын 1992 жылы Шымкент қалалық медициналық жедел-жәрдем ауруханасында нейрохирург дәрігер ретінде бастап, 2000 жылдан бастап басшылық қызметтер атқарып келеді. Әр жылдары Төлеби, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер, бөлім басшысы, директордың орынбасары секілді жауапты лауазымдарда қызмет етті.

2018 жылдың қазан айынан бастап Шымкент қаласындағы №1 оңалту орталығының бас дәрігері қызметін атқарып келеді. Медициналық көмекті ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілігімен, басқарушылық қабілетімен, шешім қабылдаудағы шеберлігімен және ұжыммен тиімді қарым-қатынас орната білуімен ерекшеленеді.

Нұраш Менлітайұлы ұжым арасында жоғары беделге ие. Жауапкершілігі мен бастамашылдығы, ұйымдастырушылық шеберлігі мен тәжірибесінің арқасында денсаулық сақтау саласындағы реформаларға өз үлесін қосып келеді. Жас мамандарға үлгі бола отырып, медицинадағы жаңалықтарды енгізуге белсенді атсалысады. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға тұрақты қатысып, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады.

Марапаттары:
2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Нұраш Менлітайұлы – білімді, білікті, көп жылдық тәжірибесі бар, медицина саласына сүбелі үлес қосып жүрген абыройлы маман.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...