«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Биыл республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант беру көзделуде.

Грантқа 6 бағыт бойынша («Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Волонтерлік») 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығы):
бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау;
екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау.

Конкурс туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1018055?lang=kk сілтемесі арқылы орналастырылған.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...