Қазақстан жаһандық сот төрелігі жүйесіндегі ұстанымын күшейтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан жаһандық сот төрелігі жүйесіндегі ұстанымын күшейтеді

Қазақстанның қылмыстық істердегі құқықтық көмек мәселелері жөніндегі халықаралық көпжақты құжатқа қосылуы — бұл елдің халықаралық аренадағы құқықтық ұстанымын нығайтатын маңызды және уақтылы қадам. Ол Қазақстан үшін бірқатар стратегиялық маңызды перспективаларды ашады.

Конвенция халықаралық құқықтық көмек құралдарына жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді: іс жүргізу әрекеттерін жүргізу, дәлелдемелерді жинау және беру, куәгерлер мен сарапшылардан жауап алу. Бұл мемлекеттер арасындағы сұраныстарды іске асыруды жеделдетеді және қылмыстық қудалаудың тиімділігін арттырады.

Қазақстанның осы халықаралық тетікке қосылуы Конвенцияға қатысушы елдерге, оның ішінде ҚР-мен құқықтық көмек туралы жекелеген екіжақты келісімдер жасамаған елдерге құқықтық көмек туралы сұрау салуларды орындау үшін берік құқықтық база құруға мүмкіндік береді, бұл елден заңсыз әкетілген активтерді қайтару тұрғысынан аса маңызды.

Бұл қадам Қазақстанның Заң Үстемдігі, халықаралық жауапкершілік және ашықтық мәселелеріндегі берік ұстанымын көрсетеді, бұл шетелдік әріптестер мен институттар тарапынан сенімді нығайту үшін аса маңызды.

Конвенцияға қосылу Қазақстанның «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес келетін заң үстемдігі және қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына бейілділігін көрсететінін атап өткен жөн. Бұл әділ, қауіпсіз және құқықтық мемлекет құру жолындағы тағы бір қадам.

Кайрат Карибаев

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...