Жасанды интеллект қоғамдық қауіпсіздікке қызмет етуі тиіс – Тоқаев — Xnews — ақпарат агенттігі

Жасанды интеллект қоғамдық қауіпсіздікке қызмет етуі тиіс – Тоқаев

2025 жылдың 23 маусымында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде жасанды интеллектпен жұмыс істейтін жедел басқару орталықтарын ашуды тапсырды.

«Көптеген құқық бұзушылық ұқсас жағдайда, бірдей факторлардың әсерінен орын алады. Тиісті деңгейде талдау жасалса, оны дер кезінде ауыздықтауға болады. Басқаша айтқанда, қылмыс қаупін болжау және оған қарсы іс-қимыл жүйесін қайта қарау керек. Ол үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әлеуетін толық пайдаланған жөн. Аталған ведомство жай ғана есеп сақтайтын орын емес, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерді анықтайтын және ескертумен айналысатын орталық болуға тиіс.

Жасанды интеллект пен «үлкен дерекқор» мүмкіндіктерін жұмылдыру қажет. Көп ұзамай іске қосылатын суперкомпьютерімізді осы мақсатта пайдалануға болады.

Жалпы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына цифрлық технологиялар мен басқа да озық шешімдерді енгізуді жалғастыру керек. Мұнда салалық министрлік негізгі рөл атқарады. Жұмыс үдерісін барынша цифрландыруды тапсырамын. Бұл тиімділікті арттырып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Жасанды интеллект технологиялары құқық қолдану тәжірибесін стандарттауға көмектеседі. Бұл, өз кезегінде, бірдей қылмыстық әрекет мүлде әртүрлі бағаланатын және азаматтарды қылмыстық процеске негізсіз тартатын жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді» — деп атап өтті Президент.

t.me/aqorda_resmi

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: «В основе всех достижений человечества лежит труд ученых»

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии награждения ученых Уважаемые ученые! Уважаемые участники встречи! Поздравляю вас с Днем работников науки! ...

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...