Шымкентте «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті

26 маусымда бүкіл әлем жұртшылығы Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өтеді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті,деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген іс-шараға қала тұрғындары, спортшылар, полиция қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Шындығында, есірткі пайдалану және оның заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның денсаулығын құртып, олардың тағдырын күл-талқан етіп жатыр. Бұл іс-шара нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдарына және оны еңсеруге бағытталған шараларға қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осындай іс-шаралар арқылы азаматтардың, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, есірткі қылмысының алдын алу көзделіп отыр.

Шара барысында ұйымдастырушылар есірткіге қарсы насихат жүргізіп, қатысушыларға нашақорлықтың зияны мен қауіптілігі жайлы ақпарат берді. Спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, сондай-ақ. адамның ерік-жігерін шыңдайтын, жаман әдеттерден аулақ болуға дағдыландыратын маңызды құрал.

Қатысушылар 5 шақырымды артқа тастап, мәре сызығын бағындырды. Белсенділерге ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар үйлестірілді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...