Медицина саласын адалдықпен кәсібиліктің үлгісі

Даумбаева Қаламқас Бабанқызы-Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында сарапшы дәрігер ретінде қызмет атқарады. Ол — жоғары санатты, тәжірибелі маман.

2005 жылдан бастап осы ауруханада дәрігер ретінде еңбек жолын бастаған. 2006 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың тамызына дейін бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, ұжымдағы ұйымдастырушылық жұмыстарға белсене араласқан. Жалпы еңбек өтілі – 36 жыл, оның 20 жылы осы ұжыммен тығыз байланысты.

Каламкас Бабановна кәсіби міндеттерін адал атқарады, жауапкершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мықты маман. Өз ісіне және әріптестеріне талап қоя біледі. Медициналық көмекті сапалы әрі уақытылы ұйымдастыруға үлкен үлес қосып келеді. Ұжымды білім беру және ғылыми жұмыстармен жүйелі түрде қамтамасыз етіп, қызмет сапасын үнемі қадағалайды.

Заманауи медициналық технологияларды тәжірибеге енгізу, диагностика мен емдеу әдістерін жетілдіру бағытында белсенді жұмыс істейді. Мемлекеттік стандарттарға сай бәсекеге қабілетті медициналық қызмет көрсетуге күш салады. Әріптестері арасында беделі жоғары.

Марапаттары:
2018 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
2024 ж. – Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты».

Даумбаева Қаламқас Бабанқызы-өз ісіне адал, кәсіби және адами қасиеттері жоғары дәрігер.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...