Шымкентте қала күніне орай тұрғындарға пәтер кілттері табысталды

Наурыз алаңында өткен “Otbasy Fest” мерекелік іс-шарада қала тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді. Айта кетейік, Отбасы банк тарапынан «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қала тұрғындары бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компаниялары тарапынан баспанамен қамтылуда.

Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков, «Отбасы банк» АҚ ауылдық аумақтарды дамыту және сату департаментінің директоры Г. Датқаева және жергілікті құрылыс компанияларының өкілдері қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, жалпы 20 азаматқа пәтер кілттерін табыс етті.

Тұрғын үйлер инфрақұрылымы дамыған елдімекендерде орналасқан. Қазіргі таңда аталған «Қамқор» өңірлік бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуында бірегей жобалардың бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік бағдарламасы арқылы 368 тұрғын пәтермен қамтылды.

Салтанатты кеш Қала күніне орайластырылған танымал эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

Елімізде жыл сайын 14 маусым «Дүниежүзілік донор күні» ретінде аталып өтіледі. Бұл – өз еркімен қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін ...

Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұстаз

Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі маманы, педагог-зерттеуші Талиббаева Мавжуда Шадмановна – 34 жылдық еңбек жолында талай шәкірт тәрбиелеп, ұстаздықтың ...