Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және құрылыс сапасын бақылау мамандары, сондай-ақ қала аумағында жұмыс атқарып жатқан бірқатар мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қала басшысы тұрғындар тарапынан түскен арыз — шағымдар мен аралау барысында анықталған кемшіліктерді негізге ала отырып, тұрғын үй құрылыс сапасына қатысты сын-ескертпелер айтты. Атап айтқанда, «Дос и К сервис» ЖШС, «Ақ Нұр-строй» ЖШС, «Азим строй» ЖШС, «Саха — 2005» ЖШС, «Талап строй» ЖШС және «Ару — ТАМ» ЖШС сынды мердігер ұйымдардың жауапты нысандарында анықталған.

Жақын арада мердігер мекемелер тарапынан пайдаланудағы тұрғын үйлердің кемшіліктері толық ретке келтіріліп, сапасын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, қала басшысы салаға жауапты бөлім басшылары мен құрылыс компанияларының жұмысын тұрақты қатаң бақылауда болатынын, сапасыз жұмыс орын алған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын айтты.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында 420 көпқабатты тұрғын үй бар. Тұрғындар тарапынан түскен әрбір арыз-шағым қала әкімінің жіті назарында. Мердігер мекемелер мен тұрғындар тарапынан орын алған кемшіліктер толық ретке келтірілетін болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...