Байқауға қатысуға шақырамыз — Xnews — ақпарат агенттігі

Байқауға қатысуға шақырамыз

Түркістан қаласында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан көпірде сурет салуға арналған арнайы алаңдар бар.

Осы алаңдарға Түркістан қаласының тарихи-мәдени болмысы мен рухани келбетін бейнелейтін суреттерді салу мақсатында республикалық конкурс жарияланады.

Байқауға қатысушылар Түркістан қаласының тарихи, мәдени және рухани болмысын бейнелейтін тақырыпта сурет салуы тиіс. Шығармалар Түркістанның ұлттық нақышын, мәдени мұрасын немесе заманауи келбетін көркем түрде көрсетуі қажет.

Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен кәсіби суретшілер мен әуесқой қылқалам шеберлері қатыса алады. Қатысушылар ұсынған жұмыстарды білікті мамандардан құралған арнайы қазылар алқасы бағалайтын болады.

Жүлдегерлерге 1 орынға — 1 000 000 теңге, 2 орынға — iPhone телефоны, 3 орынға бағалы сыйлықтар берілмек.

Қатысуға ниетті суретшілер 8 700 050 4030 номеріне хабарласа алады.

Түркістанның көркем келбетін бірге бейнелейік!

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...