Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасының басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – жеке және заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру.

Бағдарлама аясында операторлар жабдықтарды орнатуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл шара азаматтардың телерадио хабарларын қабылдауға кететін шығындарын азайтып, отандық контенттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Субсидиялау мерзімі – 3 жылдан аспайды.
Жыл сайын 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғысын сату субсидияланады.

Процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды.

Субсидиялауды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы №551-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпаратты жергілікті уәкілетті органдардан немесе министрліктің ресми сайтынан алуға болады.

x

Check Also

Посевная-2025: завершение в установленные сроки, диверсификация культур и системные изменения в поддержке аграриев

Посевная кампания-2025 в Казахстане завершена. В этом году она проходила в новых для аграриев условиях. По поручению Главы государства Правительством ...

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына ...