Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова Жазира Ескерқызы. Ол – ұстаз болудың зор жауапкершілігін жүрекпен сезініп, әр баланың болашағына үлкен үмітпен қарайтын, ұлағатты ұстаз.

Жазира Ескерқызы – шәкірт тәрбиелеуді жай ғана мамандық емес, өмірлік миссия деп түсінетін жан. Сабырлы да салмақты болмысы, әр іске байыппен қарайтын мінезі, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі оның әр ісінен көрініс табады. Ұстаз бақыты – шәкірт алғысы десек, ол осы бір биік мәртебеге лайықты, сан мәрте шәкірт ризашылығына бөленіп жүрген бақытты педагог.

Жазира Ескерқызының адамгершілікке толы өмір жолы мен еңбектегі табандылығы, тұрмыстағы қарапайымдылығы – жас мамандарға, әріптестеріне үлгі. Ол – тек білім беріп қана қоймай, шәкіртінің жан-дүниесіне үңіліп, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ете білетін нағыз тәрбиеші. Бүгінде ол – педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім.

Ұстаздың өзі мен шәкірттері қалалық, республикалық деңгейдегі білім бәйгелеріне белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Оның білім беру ісіндегі ерен еңбегі мен тынымсыз ізденісі жоғары бағаланып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жазира Ескерқызы – бүгінгі білім саласының белсенді еңбеккері ғана емес, шәкірттеріне ертеңге жол сілтер ұстаз. Оның еңбекпен өрілген өмір жолы – шынайы ұстаздықтың айқын көрінісі.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...