Таңдау емес, тағдыр болған мамандық — Xnews — ақпарат агенттігі

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге келген. Ұстаздық жолын Жетісай қаласындағы педагогикалық училищеден бастап, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білімін жетілдірген.

Бүгінде бастауыш білім беру саласында саналы ғұмырын арнап келе жатқан Нурлыгүл Құрманәліқызы – өз ісінің шебері. Оның шәкірттері республикалық, облыстық зияткерлік сайыстарда топ жарып, үздік атанып жүр. «Алтын қыран», «Ой-сана», «Бәйтерек», «Көркем жаз» сынды байқауларда шәкірттерінің жеңіске жетуі — мұғалім еңбегінің жемісі.

Ол – «Жылдың үздік сынып жетекшісі», «Үздік авторлық бағдарлама» иегері, бірнеше мәрте облыстық, қалалық марапаттарға, алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болған. Педагогикалық шеберлік пен цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша біліктілігін ұдайы арттырып келеді.

Нурлыгүл Құрманәліқызы үшін ұстаздық — тек мамандық емес, бұл — жүректің таңдауы, өмірлік жол. Ол балаларға білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен рухани құндылықтарды бойларына сіңіріп, олардың өмірге сеніммен қадам басуына жол ашып келеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...