Ұстаздық — өмірлік ұстанымы

Анарбаева Салима Ағабекқызы — Биология пәнінің мұғалімі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін бітірген ол 1998 жылдан бастап қызмет етуде. Бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім Шымкент қаласы, білім басқармасының №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында ұстаздық жолын жалғастырып келе жатыр.

Ұстаздық еткен еңбек жолында бірнеше жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ізденімпаз ұстаз. Шәкіртінің жанына нұр құйып, бар білімін оқушыға арнаған, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздың жөні де, жолы да бөлек. Оқушы зейінін нығайтып, білімнен нәр беруі ұстаз үшін үлкен жеміс. Салима Ағабекқызы шәкірттерді жетістікке жетелеп жүрген жанның еңбегі өлшеусіз. Еңбегінің нәтижесінде бірнеше Алғыс хаттардың иегері атанды.

Ол сонымен бірге педагогикалық және ғылыми тәжірибені жинақтау, тарату, пайдалану бойынша жемісті еңбектердің авторы. «Медициналық білім негіздері» авторлық бағдарлама. Алматы 2021ж «Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар жинақтары» (биология пәніне арналған авторлық бағдарлама) 2023 ж.

Салима Ағабекқызы тәрбиелеген шәкірттер де республикалық, облыстық, қалалық байқауларда үздіктер атанып жүр. 26 жылдан ұстаздық қызметте келе жатқан ол үш баланың анасы.

x

Check Also

Информатика кез-келген мамандықтың ажырамас бөлігі болып табылады

Иманбекова Оразгүл Шаукенқызы — «Информатика» пәнінің мұғалімі. Ол Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде 2001 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқаруда. ...

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...