Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырып, тұрғындармен ашық диалог орнатты.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар жол сапасы мен қауіпсіздігі, тұрғын үй аулаларының тазалығы, ойын алаңшалары мен қоғамдық көлік қатынасы, инфрақұрылым сапасы сынды мәселелерді көтерді. Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда А.Жангелдин көшесінде жаңа ойын алаңшасын салу, Б.Майлин көшесіндегі айналма жолда МАФ орнату, сондай-ақ №1,2 мөлтек аудандарда аулалық аумақтарды абаттандыру, ойын алаңшаларын ағымдағы жөндеу және жарық шамдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, О.Жарылқапов көшесінде жол белгілерін орнату, Әл-Фараби көшесінде жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталса, Энергетиктер көшесінде аулаішілік абаттандыру жұмыстары бастау алды.

Сонымен қатар, сектордағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге су жүйелерін тарту және қайта құру бойынша 2-кезек жобасы әзірлену үстінде. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымын тыңдады.

Айта кетейік, Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі бүгін, 28 мамыр күні 15:00де — Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте, ертең, 29 мамыр күні сағат 10:00де- Мәдени рухани орталықта орналасқан «Ұлы-дала орталығы» кешенінде, 15:00де- ӘІО-ғы 9-шы көше бойында орналасқан №33 мектепте жалғасады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...