Қазақстанның 14 өңірінде шегіртке зиянкестерімен күресу мақсатында 464 мың гектардан астам алқап өңделді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстанның 14 өңірінде шегіртке зиянкестерімен күресу мақсатында 464 мың гектардан астам алқап өңделді

Егістік алқаптарды үйірлі шегіртке зиянкестерінен қорғау және мониторинг жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр.

Болжам бойынша, 2025 жылы шегірткелердің таралу аумағы 2,1 млн гектарды құрайды деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.

Шегірткенің ең көп таралуы Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында болады деп болжануда.

Мониторинг пен өңдеу шараларына 4 625 адам тартылған. Жалпы алғанда, зиянкестермен күреске 443 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.

22 мамырға дейін 2,8 млн гектар жер тексеріліп, оның 498 мың гектары шегіртке өткен аумақтар анықталды және оларды өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 14 өңірде 464 мың гектар жерде шегірткеге қарсы күрес шаралары атқарылды.

Мәселен, Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, тазалау шаралары жалғасуда. Жамбыл облысында негізгі өңдеулер аяқталған, итальяндық прусқа қарсы жұмыстар жалғасуда.

Итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...