Білімді ұрпақ — білікті ұстаздан

Білім жолы – қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Ал, осы білім жолына жетелейтін – ұстаз.

Қошқаров Жүсіпхан Аманқұлұлы — «Қазақ тілі мен әдебиет» пәні мұғалімі, білікті ұстаз. Гүлстан мемлкеттік университетін бітіріп, ұстаздық қызметін 1996 жылы Айбек атындағы №4 жалпы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде бастады. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы №138 жалпы орта мектебінде ұстаздық қызметін атқарып келеді. ұстаздық еңбегінің арқасында бірнеше білімді шәкірттерді тәрбиелеп, білім ұясынан ұшырды.

28 жыл бойы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің бойына бар асыл қасиеттерді ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен білімпаздықты жия білген білікті ұстаз Жүсіпхан Аманқұлұлы білім бәйгесінде мерейін асырып, талай-талай белестерді бағындырып жүр. Ол тек ұстаздықпен шектелмей, ғылыми-әдістемелік мақалаларды да жазып, іс-тәжірибесінде күн сайын білім берудегі жаңаша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырып және әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасап келеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін терең меңгерген, теориялық білімін күнделікті әрбір сабағында іске асырып, тәрбие мен білімді қатар ұштастырып отырған, шәкірттерін жоғарғы биіктерден көрсетіп жүрген маман бірнеше Алғыс хаттар мен үздік дипломдармен марапатталған.

Ұстаз еңбегінің жемісі шәкіртінің жеткен жетістігімен бағаланады десек, оның жүлделі болған әрбір оқушысы оның мәртебесі мен мерейін өсіріп келеді.

x

Check Also

Түркістандағы балалар кітапханасында отбасы құндылығына арналған іс-шара өтті

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Кештің ...

Сапалы білім негізін білікті ұстаз қалайды

Ұстаз – білімнің шамшырағы, жүректің нұры, болашақтың негізі. Ол шәкіртінің жан дүниесін оятып, өмірге құштарлығын арттырады. Осындай қасиетті бойына сіңірген ...