Сапалы білім негізін білікті ұстаз қалайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сапалы білім негізін білікті ұстаз қалайды

Ұстаз – білімнің шамшырағы, жүректің нұры, болашақтың негізі. Ол шәкіртінің жан дүниесін оятып, өмірге құштарлығын арттырады. Осындай қасиетті бойына сіңірген қаламызда ұстаздар көптеп саналады.

Солардың бірі, білім мен тәрбие саласында өз ісіне адал, жоғары білікті ұстаз Анартаева Гүлзира Ұласбекқызын айтуға болады.

Ол «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі» КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде 36 жыл бойы шәкірттеріне сапалы білім беріп келеді. Оның еңбек жолы Шымкент қаласында басталып, бүгінгі күнге дейін үздік педагог ретінде танылып отыр.

Оның ерекше еңбегі — жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлім-тәрбие беруде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық әдістемелік жұмыстарды дамытуда аянбай еңбек етіп келеді. Авторлық бағдарламалары мен әдістемелік құралдары білім беру саласында кеңінен қолданылып жүр. Ғылыми мақалалары мен баяндамалары халықаралық конференциялар мен журналдарда жарияланып, педагогика ғылымының дамуына өз үлесін қосуда.

Гүлзира Ұласбекқызы өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіріп, көптеген республикалық және қалалық байқауларда жеңімпаз атанды. «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ол -«2020 жылдың үздік педагогі». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» және бірнеше рет жоғары дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Ұстаз ол – оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі десек, Гүлзира Ұласбекқызы сол өкілдің бірі.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...