Түркістан: Сырдария өзені аумағына 111 тоннадан астам биопрепарат құйылды

Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралар үздіксіз жүргізілуде.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен құрылған штаб өңірдегі шіркейлердің көбеюіне қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бүгін БАҚ өкілдерімен баспасөз туры ұйымдастырылып, атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Сырдария өзенінің бойындағы елді мекендерде шіркейлердің көбеюіне қарсы химиялық және биологиялық препараттар қолданылуда. Бұл шаралар экологияға зиян келтірмей, зиянкестердің санын азайтуға бағытталған. Бүгін «Бактицид» биопрепаратының 111 тоннадай дәрісінің суспензиясы құйылды. Бұл жұмыстарға 12 арнайы техника, 6 қайық, 28 адам жұмылдырылды.

Жіберілетін дәрінің мөлшері Сырдария өзеніндегі және Көксарай қоймасынан шығып жатқан судың көлеміне қарай есептеледі. Биылғы жылы өзенді дәрілеудің арақашықтығы жиіленді. Шіркей дернәсілдері шоғырланған аумақта дозировкасы ұлғайтылды. Осы жұмыс нәтижесінде елді мекендер мен өзен арнасында шіркейлер саны азаюының тұрақты оң динамикасы анықталған. Ал өзеннен алшақтау (20-50км радиуста) орналасқан елді мекендерде шіркей анықталмаған.

Сонымен қатар облыс аумағында баръерлік химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Әр бір елді мекен жеке қаралып, ерекшелігіне байланысты балама химиялық инсектицидті препараттар қолдануда. Осы ретте елді мекендегі өзеннен келген шіркей саны, ауа райы көрсеткіштері ескеріліп, залалсыздандырудың кешені тағайындалады. Бұл жұмыстарға 38 толық жетекті жеңіл автокөлік (бүрку жүйелерімен), 36 арқаға асылатын бүріккіш, 4 термоөңдеу және әуе дрондары жұмылдырылған. Көлік жетпейтін аймақтарға арнайы дрондар қолданылуда.

Дезинсекция жұмыстары Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Сауран, Отырар аудандарындағы Сырдария өзеніне жақын орналасқан елді мекендерде тұрақты жүргізілуде. Аталған жұмыстар күнделікті күшейтілуде. Жұмыс барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...