Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі жеке алтын медаль мен командалық жеңіске қол жеткізді

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) жоғары нәтиже көрсетті.

14 елден жиналған жас биологтар теориялық, жеке практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрамасы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан жасақталып, екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды, сондай-ақ командалық жобалық турда да бірінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:
Батыр Ержанұлы – 11-сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Шығыс Қазақстан облысы;
Ерсұлтан Қайыркен – 10-сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар облысы;
Әлихан Аширханов – 8-сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Алматы қаласы;
Дмитрий Титков – 10-сынып, №3 дарынды балаларға арналған гимназия, Павлодар облысы;
Әлімұхаммед Саматұлы – 9-сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар облысы;
Егор Менгулов – 10-сынып, №8 орта мектеп, Көкшетау қаласы, Ақмола облысы.

‍ Құрама жетекшісі – Айгүл Каркулова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.

OIBO халықаралық олимпиадасы оқушылардың биология және биотехнология салаларындағы заманауи мәселелерді шешуге деген қызығушылығын арттыруды, ғылыми көкжиектерін кеңейтуді, өндірістік серіктестермен ынтымақтастықты және халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуды мақсат етеді.

Айта кетейік, олимпиада алдында Қазақстан құрамасы ұйымдастырушылардың шақыруымен «Сириус» орталығы базасында он күндік халықаралық оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

Жеңімпаздарды және ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз

x

Check Also

Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары

Елордалық құтқарушылар прокуратура өкілдерімен бірлесіп жағажай аймақтарының «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде.  Мақсаты — суға жақын демалыс орындарының шомылу ...

Институт экономических исследований: Экономика Казахстана демонстрирует позитивную динамику развития

По предварительным данным Бюро национальной статистики, реальный валовой внутренний продукт (ВВП) Казахстана в январе–апреле 2025 года увеличился на 6% по ...