1 кг салмақтағы сәбидің жүрегіне күрделі операция жасалды

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Сәбидің туғанына 45 күн толған болатын.

25-аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарұынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер «ашық артериялық өзек» (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.

Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті.

Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті.

☄Операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Әбдірайымов жасады.

Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шәбетов бастаған неонаталдық реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.

x

Check Also

Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді

Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда ...

В Шымкенте музыкальный фонтан получил видеопроекцию — в ритме света, воды и истории

В парке Shymkent City обновлён музыкальный фонтан. Теперь на его водной поверхности — не просто шоу, а настоящая видеоинсталляция: проекции ...