Шымкентте кең ауқымды сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте кең ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тұран ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрғындар арасындағы экологиялық мәдениетті арттыру мен қоршаған ортаны тазалығын сақтау болып табылады.

Сенбілікке аудан тұрғындары, жастар өкілдері және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Үшінші шағын ауданда өткен тазалық жұмыстары барысында аулалар мен жол жиектері, су арналары мен жасыл аймақтар тазартылды.

Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысып, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС мен «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы техникасы мен қызметкерлері тартылды.

Тазалық жұмыстары барысында жиналған барлық тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылып, аумақтар тазартылды, санитарлық мақсатта ағаштар кесілді, ретке келтірілді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданы Ш.Уәлиханов көшесі 186 көпқабатты тұрғын үй маңында санитарлық тазалық, ағаш қырқу, шөп ору, аяқжолдарды жуу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарғы арнайы техникалар мен шөп оратын құрылғылар жұмылдырылды.

Сенбілікке аудан тұрғындары, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Группа Интеко» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Тазалық пен тәртіп — жайлы әрі қауіпсіз қала ортасын қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сананы қалыптастыруға зор үлес қосады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...