ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады — Xnews — ақпарат агенттігі

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

Әрбір азамат су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауы қажет.

Бірінші: Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз;
Екінші: Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;
Үшінші: Мас күйінде шомылмаңыз;
Төртінші: Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз;
Бесінші: Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;
Алтыншы: Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;
Жетінші: Жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз. Жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;
Сегізінші: Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды.

Біз үшін әрбір өмір маңызды.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...