Түркістан облысында 19 мыңнан астам мейіргер қызмет етеді

Түркістан облысында 19 мыңнан астам мейіргер қызмет етеді. Айта кетерлігі, 155 мейіргер өздігінен қабылдау жүргізе алады. Бұл — дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, науқасқа көрсетілетін көмекті жеделдетті. 12 мамыр күні Мейіргерлер күніне орай, Түркістан қаласында «Мейіргер қызметін дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті. Жиында мейіргерлердің қалтқысыз қызметі мен олардың жұмысын жандандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Бүгінгі таңда облыста 19 131 мейіргер бар, яғни 10 мың тұрғынға шаққанда қамтылуы — 88,8%. 2023 жылы екі мейіргер Финляндияда оқып келсе, 2024 жылы 234 мейірбике Астана қаласында біліктілігін арттырып, шетелдік озық тәжірибені жергілікті медицинада қолдануға мүмкіндік алды.

Денсаулық сақтау саласында білікті кадрларды даярлау өзектілігі арта түсуде. Осы тұрғыда медициналық колледждердің рөлі ерекше. Түркістан облысында екі мемлекеттік, Түркістан және Жетісай жоғары медициналық колледждері жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам студент білім алуда. Колледждерде 246 оқытушы қызмет атқарады. Бұл оқу орындары халықаралық стандарттарға сай аккредиттелген, мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жоғары. 2023-2024 жылдардағы оқу жылында Жетісай жоғары медициналық колледжінің жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 72% құраса, Түркістан жоғары медициналық колледжінде бұл деңгей 78,6% көрсеткен. Бұл — түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Оқу орындары қала мен облыс бойынша 56 медициналық мекемемен келісім жасаған. Оқу базаларында симуляциялық тренинг, клиникалық сабақ өткізіліп, менторлық жүйе енгізілген. Сонымен қатар, колледждерде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» мамандықтары бойынша қосымша білім беру бөлімдері жұмыс істейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...