Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды

Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын.

Биыл Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан қазақстандық су саласының 120 маманы өтеді. Оқыту курстары Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінген жоқ.

Биылғы наурыз айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын еске сала кетейік.

Құжат су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды және мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді.

«Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп»,—деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

x

Check Also

Түркістанда мейіргер ісін дамыту инновацияларына арналған халықаралық форум өтуде

Түркістан қаласында «Мейіргерлік қызметті дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады, онда мейіргерлердің рөлі мен мәртебесін арттыру, ...

Цифровая образовательная среда на родном языке: Google Classroom теперь доступен на казахском языке

Компания Google официально расширила языковую поддержку платформы Google Classroom — в апреле в список добавлен казахский язык. Это результат системной ...