Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр — тұрғындардың 70%-дан астамы газбен қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр — тұрғындардың 70%-дан астамы газбен қамтылады

2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда 84 ауылға инфрақұрылым тартылып, бұл жалпы жоспардың 58,2%-ын құрап отыр. Нәтижесінде 400 мыңнан астам адам (101,8 мың абонент) өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы тағы 42 елді мекенге көгілдір отын беріледі деп жоспарланған. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы сомасы 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба – 2024 жылдан өтпелі. Қоғалы ауылынан басқа барлық нысандарда жұмыстар аяқталды. Бұл елді мекенде газ құбырының 80 шақырымынан 35 шақырымы тартылды.

24 жаңа жоба бойынша 3,5 млрд теңге игерілді, алдағы уақытта тағы 18 жобаның құрылысы басталмақ. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 15,9 млрд теңге. Аталған жобаларды аяқтау үшін Энергетика министрлігі қосымша 25,6 млрд теңгеге бюджет өтінімін жолдады.

Атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде Жетісу облысында көгілдір отынға қосылатын елді мекендердің саны 126-ға жетіп, қамту деңгейі 71,4%-ды құрайтын болады. Бұл – 500 мыңнан астам тұрғынның тұрмыстық жағдайын жақсарту деген сөз.

Сонымен қатар, қазіргі схемаға енбеген тағы 22 ауыл бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Анықтама үшін:
2022–2024 жылдар аралығында республика көлемінде 371,1 млрд теңге бөлініп, 14 мың шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Елдегі газдандыру деңгейі 62,4%-ға жетіп, табиғи отынмен қамтылған халық саны 11 млн-нан 12,6 млн адамға артты.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...