Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды

Түркістанның жанынан жаңа мұнай көзі ашылуы мүмкін. Түрлі-түсті металл іздеуге шыққан геологтар өңірде қазылған 39 ұңғымадан мұнай белгілерін анықтаған. Мамандар енді ондағы мұнай көлемін анықтауға кіріспекші деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Табиғи байлық белгілері Шақпақ елді-мекенінің жанынан табылды. Негізі геологтар қорғасын, мырыш сынды металл іздемекші болған. 300 метр тереңдікте қазылған ұңғымалардан мұнай тектес сұйық зат шығыпты. Мамандардың айтуынша, Шу-Сарысу бассейні бұрыннан-ақ мұнайы бар орындардың тізімінде болыпты.

— Бұл ұңғылар полиметамлл іздеуге арналған еді. Бірақ күтпеген жағдайда 11 ұңғылардың ішіндегі алынған кезде мұнай көріністері табылды. Негізі мұнай көлемін қазір айту ерте. Оның көлемін айту үшін әрі қарай бұрғылау жұмыстарын жүргізу керек,-дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...