Түркістан: Созақта сұрапыл соғыстың қарт майдангеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Созақ ауданына арнайы барып, сұрапыл соғыстың соңғы майдангері, ғасыр жасаған қария Мырзахмет Жылысбаевты Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

– Тарихтағы ең алапат майданда бейбітшілік орнатуға біздің батырларымыз ерекше үлес қосты. Солардың арасында сіз де барсыз. Біздің ержүрек ардагерлеріміздің ерліктері – ұрпақтың мәңгілік мақтанышы. Сіздер қан майдандағы жанқиярлық батырлығыңыз арқылы елімізге тыныштық, болашаққа үміт сыйладыңыздар. Бұл Жеңіс – ардагерлеріміздің қажыр-қайраты, батылдығы, төзімділік пен Отанға деген шексіз махаббатының жемісі. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Айтулы мереке қарсаңында ардагер Мырзахмет Жылысбаев көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Шара барысында жас сақшылар сап түзеп, патриоттық көріністер мен әсерлі әндер орындалып, жиналған жұртшылықтың жүрегіне ерекше әсер сыйлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...