Қазақстандық өндіріс орындары сапасы жағынан шетелдіктерден кем түспейтін өнімдерді шығара алатындығына еліміздің медицина қызметкерлері көз жеткізді. Тұтынушыға сапалы өнім ұсына алатын сондай серіктестіктердің бірі «Экофарм Интернейшнл» ЖШС-і, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Отырар телеарнасына сілтеме жасап.
Вакуумдық пробиркалардың 60 түрі шымкенттік «Экофарм Интернейшнл» кәсіпорнында шығарылады. Сонымен қатар, әртүрлі сынақтарды алу үшін пробиркаларға қажетті реагенттер қосылған. Пандемия кезінде қанның ұю деңгейін анықтау үшін пробиркалар ерекше сұранысқа ие болды. Шекаралардың жабылуына байланысты кәсіпорын аз қиындықтарға тап болса да, бұл жағдай өндірушілерді кәсіпорынның қажеттіліктері үшін өнім шығаруға итермеледі.
Кәсіпорында 200 қызметкер жұмыс істейді. 4 млрд. инвестиция құйылды. Жабдықтар Оңтүстік Корея, Швейцарияныкі. Біздегі заманауи қондырғыларда білікті мамандар жұмыс жасайды», дейді «Экофарм Интернейшнл» ЖШС-нің басқарушы директоры Асхат Ахметов.
Бүкіл өндіріс бірнеше цехтарға бөлінген. Құю цехында өнім шығару өндірісі толық автоматтандырылған. Жеті агрегаттың жұмысын бір ғана оператор бақылайды.
Тазалықтың жоғары санаты жағдайында екі жақты инелер шығарылады және вакуумдық түтіктер жиналады. Бұл ретте әрбір үлгі тексерудің бірнеше сатысынан өтеді. Мұның бәрі ақаулы өнімдердің елдің медициналық мекемелеріне түсу мүмкіндігін жоққа шығарады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 140 млн. дана медициналық бұйымдар, оның ішінде жылына 60 млн. дана бір реттік стерильді вакуумдық пробиркалар және жылына 40 млн. данадан астам медициналық бір реттік стерильді екі жақты инелер және жылына 40 млн. дана ине ұстағыштар. Жоспарда Ресей, Украина мен Өзбекстанға экспортқа шығу көзделген.