Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды — Xnews — ақпарат агенттігі

Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Атап айтқанда, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды.

Ал Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады.

Жалпы алғанда Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалына қарасты су қоймалары 328 млн текше метр тасқын су жинады.

Қазіргі уақытта филиал суару маусымына дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен су алуға өтінімдер жиналып, су беру туралы келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар каналдарды тазалау, су есептегіш құралдарды орнату және су бекеттерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қарағанды филиалының нысандарында көктемгі тасқын кезеңі қалыпты жағдайда өтті. Бұл – алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі»,–деді Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Муслим Аққожин.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...