2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнестің жеңілдікпен қаржы алуын кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы екі жаңа қолдау құралын іске қосты. Олар кез-келген ауқымдағы компанияға, мейлі ол кіші болсын, мейлі ірі болсын, кепіл жеткіліксіз болған күнде де қаржы алуға мүмкіндік береді.

Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым мен экспортты қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Мемлекет қарызға кепілдік бергендіктен, бұл банк үшін тәуекелді азайтады. Осылайша бизнестің несие алуы жеңілдейді.

Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі. Кәсіпкерлер қажетті қаржыны кепілсіз алады. Бүгінгі таңда бес банкпен келісімге қол қойылса, тағы екеуі жұмыс үстінде. Әріптестер тізімін кеңейту жұмысы жүріп жатыр.

Бағдарламаның алғашқы нәтижесі де белгілі. Жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 34 жоба қолдау тапқан. Кепілдік беру рәсімі жеңілдетіліп, екі жұмыс күні ішінде орындалады. Мұны алушы – өндіріс, көлік, білім беру секілді түрлі сала өкілі.

2025 жылдың соңына дейін 10 мың жоба қолдау таппақ. 2028 жылға қарай кепілдік портфелінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткізіледі. Осылайша, жыл сайын бизнестің 50 мыңнан астам бастамасына қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі таңдағы Даму қорының әріптестері Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, Freedom Bank, Fortebank, Bank RBK, Bereke Bank пен Қазақстан–Зираат Интернешнл Банк. Кәсіпкерге несие сомасының 85%-на дейін қордың кепілдігі берілгендіктен, қарызды оңай ала алады.

Жаңа тетіктердің арқасында қаржылық инфрақұрылым тұрақты түрде дамып, банктердің тәуекелі азаяды, отандық бизнестің өсу мүмкіндігіне үлес қосылады.

Бұл бастамалар экономикалық өсуді жеделдету шаралары шеңберінде іске асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2025 жылы «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайту жоспарланғаны хабарланған. Осының арқасында, 8 трлн теңгеге дейінгі қаражатты жаңа жобаларды іске қосуға арнап, өндірістің қуатын ұлғайтуға, жоғары өнімді жұмыс орнын құруға мүмкіндік артады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

x

Check Also

Атырауда Қазақстан ТЖМ үшін алынған L 410 екінші ұшағын қарсы алды

Атырау халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көпмақсатты ұшағын пайдалануға беру салтанатты рәсімі ...

5 тысяч микрокредитов под 2,5%: как изменится программа «Ауыл аманаты» в 2025 году

Министерство национальной экономики РК приступило к разработке обновлённой модели реализации программы «Ауыл аманаты». Она станет ключевым инструментом государственной поддержки в ...