Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды — Xnews — ақпарат агенттігі

Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы Теміржол вокзалы алаңында, гүлденген айналма қиылыстың ортасында, биік әрі зәулім бағанада 4 бағытқа қарайтын сағаттар орналасқан.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің көрнекті нысанына және визиттік карточкасына айналған аталмыш нысанның сағаттары іске қосылды.

Сағатқа қосалқы Швейцариялық «Hublot» бөлшектері орнатылып, бюджет қаражатынан тыс демеушілер есебінен сағат тілі қайта қозғалысқа енді.

Бұл жердің тағы бір ерекшелігі — вокзалдағы бұл сағаттар қаланың жалғыз қоғамдық сағаттары болып табылады!

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...