Астана қаласындағы ардагерлерге арналған орталық клиникалық госпитальде 2,5 мыңнан астам пациент ем алды

Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысқандар, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей полигонынан зардап шеккендер және оларға теңестірілген өзге де азаматтар бар.

Госпиталь пациенттерінің орташа жасы шамамен 70 жасты құрайды.

Стационарда рентгенография, ФГДС, барлық түрдегі УДЗ, ЭКГ, СМАД және басқа да зерттеп-қарауларды қамтитын толық консультациялық-диагностикалық көмектің толық спектрі көрсетіледі.

Мекемеде асептикалық блоктары бар госпиталдық фармация бөлімі, өз зертханасы және диетолог дәрігердің бақылауымен емдік тағам әзірленетін асхана жұмыс істейді.

Жеңіс күні қарсаңында госпиталге Парламент Сенатының депутаттары келді. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен госпиталдің директоры Динара Уразалина қатысты.

Депутаттар медициналық көмектің жағдайымен танысып, бөлімшелерді аралап, пациенттермен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Назар аударылған басты мәселелер — заңнамалық нормалардың жүзеге асырылуы, ресурстық қамтамасыз ету және ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау деңгейі.

Сенаторлар әскери-медициналық жүйені одан әрі нығайтудың, нормативтік базаны жетілдіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

x

Check Also

Экспортный фокус Казахстана: Приоритетные рынки и рост товарооборота с Китаем, ЕАЭС и Центральной Азией

По итогам 2024 года объем экспорта товаров и услуг Казахстана достиг $40,6 млрд, что на 11% превышает показатель 2023 года ...

Қазақстан экспортындағы басым бағыттар: Қытай, ЕАЭО және Орталық Азиямен сауда

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның тауар және қызмет экспортының көлемі $40,6 млрд-қа жетті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 11% — ға ...