Түркістан облысында ашық жағажайлар саны артады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында ашық жағажайлар саны артады

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмағанына қарамастан 2025 жылдың басынан түрлі жағдайларда
16 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 6-ы жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі — арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қосымша 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына өте аз. Сондықтан да биыл облыс әкімдігінің қолдауымен шомылуға арналған ашық жағажайлардың санын 50-ге жеткізу жоспарлануда. Айта кететін жайт, өткен жылғы статистика көрсеткендей қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Сол себепті облыс тұрғындарына шомылу маусымының басталуына орай судағы қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтауларын сұраймын»-деді сала басшысы.

Сонымен қатар баспасөз жиынында Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Арын жылыту маусымының аяқталуына орай жыл қорытындысын баяндады.

«2024-2025 жылғы жылу беру кезеңінде өңірімізде уланудың салдарынан 5 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алған. Сонымен қатар, облыс аумағында 2024-2025 жылдары жылыту маусымы кезеңінде 201 өрт оқиғасы тіркеліп, өрт салдарынан 4 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алды. Сондай-ақ, 2024 жылы орман шаруашылығында жалпы көлемі 1986 гектар аумақты шарпыған 6 өрт оқиғасы тіркелді. Ал биылғы жылы орман өрттері тіркелген жоқ. Дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде»-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...