Хоккейден жастар арасында Қазақстан чемпионы атанған «Астана» клубы марапатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Хоккейден жастар арасында Қазақстан чемпионы атанған «Астана» клубы марапатталды

4 мамыр күні елорданың «Барыс» спорт кешенінде Jastar hokei lygasy жаңа чемпионы  — «Астана» командасын марапаттау шарасы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еліміздегі 13 хоккей клубының қатысуымен өткен Jastar hokei lygasy ресми түрде мәресіне жетіп, «Астана» клубы өз тарихында алғаш рет топ жарды. Чемпионатта 7-орын алған елордалықтар плей-оффта бірден мықтыларға тап болды. Олар ширек финалда абсолютті чемпион саналған «Барысты», жартылай финалда былтырғы қола жүлдегер «Торпедо» және финалда тәжірибелі ойыншылардан жасақталған «Ақтөбені» жеңіп кетті. 2020 жылдан бері 1/4 финалдан аса алмаған елордалықтардың бұл көрсеткішін көпшілік күтпегені анық.

«Өкінішке қарай, бұған дейінгі маусымдарда ширек финалда жарысты аяқтап жүрдік. Жігіттеріміздің келесі кезеңге өтетініне сенімдері төмен болды. Осы маусымда құрамға, тактика, ойын өрнегіне айтарлықтай өзгеріс енгіздік. Иә, бұл көрсеткішті сенсациялық деуге келетін шығар. Себебі біз басты фавориттерді жарыс жолынан шығара білдік», — деді бас бапкер Антон Васин.

Маусымды өте сәтті аяқтауына не себеп болғанын да бас бапкер айта кетті.

«Шынын айтсақ, маусымның басында плей-оффқа шығу басты мақсатымыз болған еді. Бірақ жоспарды артығымен орындадық. Өзге ұжымдардан басты ерекшелігіміз — жеңіске жетуге деген ынтамыз өте жоғары болып, соңғы сәтке дейін барымызды салдық», — деп Антон Васин сөзін түйіндеді.

Салтанатты шараға хоккей ардагерлері келіп, чемпиондардың құрметіне мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан қойылым көрсетілді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...