Түркістанда 101 жастағы майдангермен тағылымды кездесу өтті

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды шара өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған шайқаста сол қолынан жараланып, емге жіберіледі. Осылайша елге ІІ-топтағы мүгедек болып оралған. Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің ерліктерін айтып, батасын берді. Бүгінде 101 жасты еңсерген қария 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.

Генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт-береке тілеп, сый-сияпатын табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында ...

Туркестан: Начато строительство 10 крупных заводов по производству хлопка

Объем продукции сельского хозяйства Туркестанской области с начала текущего года составил 116,4 млрд тенге. При этом в сельском хозяйстве начато ...