Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады.

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі -Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтақ», «Өскемен – Шемонаиха», «Өскемен-Рахман кілттері», «Орал –Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

t.me/kolikpress/20961

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...