Қазақстан мен Ресейдің жетекші хирургтары ас қорыту жолдарының ауыр аурулары бар балаларға сәтті операция жасады

Қарағандыда көпбейінді облыстық балалар ауруханасының базасында аз инвазивті балалар колопроктологиясы бойынша халықаралық мастер-класс өтті.

Мастер-класс MUMKINDIK қайырымдылық жобасының шеңберінде өтті. Ол асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары бар балаларға көмектесу үшін Қазақстан мен Ресейдің жетекші хирургтарын біріктірді.

Бас сарапшы Ресейдегі жетекші балалар хирургтарының бірі, профессор Игорь Киргизов болды. Оның басшылығымен күрделі лапароскопиялық және бейне ассистирлендірілген операциялар өтті. Процесті Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, оның ішінде Астана мен Петропавлдан келген 25 хирург, сондай-ақ Қарағанды облысының 37 педиатры мен гастроэнтерологы қадағалады.

✅Оқыту іс-шарасының шеңберінде 11 операция жүргізілді, барлығы сәтті өтті. Тағы 18 бала тегін консультация алды. Енді оқытудың арқасында қазақстандық дәрігерлер де осындай араласуларды өз бетінше жүргізе алады.

Қатысушылардың бірі өз тарихымен бөлісті: оның ұлы Давид ануссыз дүниеге келді және отбасы шетелде емделуді қарастырды, бірақ оған мүмкіндігі болмады. Жобаныңмарқасында операция Қазақстанда өтті, оның айтуынша, профессор Киргизовтың қатысуы шешуші болды.

x

Check Also

Отечественные товары занимают 60% ассортимента в крупных сетях

2 мая министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев посетил один из магазинов крупнейшей казахстанской торговой сети и провёл рабочую ...

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

2 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен ...