Еңбекші ауданында жүзеге асырылып жатқан игі істер көп

Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік-инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Барлық жоспарланған іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асып, аудан халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған нақты жобалар қолға алынуда.

Нақтырақ тоқталатын болсақ, аудан аумағында барлығы 728 көше мен өткел орналасқан. Аталған көшелерде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Биыл қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 367 көшені жарықтандыру жоспарланған. Бұл жұмыстар толық орындалған жағдайда Еңбекші ауданы аумағы 100% жарықтандырумен қамтылады.

Бүгінгі таңда ауданда 201 көше жарықтандырылды. Оның ішінде 12 көше бойынша жарықтандыру жүйелері жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен автоматтандырылған жүйелер (АЖ) тарапынан тартылды. Қазіргі уақытта 153 көшеде жарықтандыру жүйелері толық орнатылса, қалған 166 көшеде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аудан аумағында орналасқан 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген.

Биыл бұқаралық спортты дамыту мақсатында балалар ойын және спорт алаңдарын салуға бағытталған 35 жоба іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 15 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал қалған 20 жоба бойынша келісімшарт жасасу процестері аяқталды.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салу бойынша да жұмыстар қолға алынған. Жалпы ұзындығы 15 шақырым болатын аяқжол салу жоспарланып, оның ішінде есепті кезеңде 2,5 шақырым аяқжолдың жиектастары (борттық тастар) орнатылып, асфальт төсеуге дайындалды.

Ал ауданда көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша «Группа Интеко»ЖСШ жүргізуде.Бүгінде мердігер тарапынан 13 көше бойындағы шөптер орылып, Сайрам, Бердіқожа батыр, Ш Уәлиханов көшелері және жол қиылыстарына егілген гүлдерді суғару жұмыстары бойынша жұмыстар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Мұндай жұмыстар ішкі орамбойынша 645 көше мен 132 аулада «Еңбекші» КММ тарапынан жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге ішінде жол-көлік инфрақұрылымы бағытындағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Аудан аумағында жалпы ұзындығы 723,35 шақырымды құрайтын 721 көше мен өткел бар. Оның ішінде 535 шақырымы немесе 73%-ы асфальтталған, 158 шақырымы (21,6%) тас жол, ал 38 шақырымы (5,3%) топырақ жол санатына жатады.

2025 жылға жоспарланған жұмыстар аясында аудан көлеміндегі 72 көшеде, яғни 34,3 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазіргі таңда мердігер мекемелер анықталып, есепті кезеңде 23 көшеде асфальт төсеуге дайындық жұмыстары басталған.

Сонымен қатар, Азат шағын ауданында 16 көшеде және Қарабастау тұрғын алабында 10 көшеде тегістеу және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұлағат шағын ауданында 23 көшеде, Шаңырақ шағын ауданында 2 көшеде жөндеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Сондай-ақ, Исфиджаб тұрғын алабында – 10 көше, Тұрдыабадта – 6 көше және Абулаабад тұрғын алабында – 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда.

Еңбекші ауданында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің 50 ауласында тұрмыстық қалдықтарға арналған алаңшалар орнатылып, оларға 239 қоқыс контейнері орналастырылған. Қалдықтарды шығару қызметін үш мекеме жүзеге асырады. Көпқабатты үйлерден тұрмыстық қалдықтар күнделікті шығарылса, жеке тұрғын үйлерден қоқыс аптасына бір рет бекітілген өндірістік кестеге сәйкес шығарылады.

Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени маңызы бар нысандардың, атап айтқанда ескерткіштер мен монументтердің сақталуы тұрақты бақылауда. Айналасына абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Тағы бір маңызды шаралардың бірі аудан аумағында көктемгі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында кезекті жалпықалалық сенбіліктер де өткізіліп тұрады.

Іс-шараға аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Группа Интеко» ЖШС өкілдері, тұрғындар мен әлеуметтік нысандардың қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосып жүр.

Сенбілік барысында аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазалау, ағаш бұтақтарын қырқу, жасыл желектерді ретке келтіру, аулаларды және қоғамдық орындарды әктеу, шөп ору, қоқыс жинау және шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарда тазалық орнатылып, көркейту бағытындағы іс-шаралар үнемі атқарылып келеді.

Еңбекші ауданында ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты сіңіруге бағытталған тағылымды әрі мазмұнды мерекелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан–Түркия достығы» саябағында кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдерінің өнері мен мәдениеті насихатталып, достық пен өзара сыйластықты ұлықтайтын концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе» мәдениет үйінде де осы мерекеге арналған салтанатты концерт өткізілді. Онда тұрғындар мен қонақтар ұлттық өнер мен әуезді әндерге куә болды.

Ал алда келе жатқан 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған дайындық шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс» саябағында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға «Мұрагер – бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында батырлар рухына тағзым етіліп, олардың ерлігі мен өнегелі жолы жайында естеліктер айтылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Таза Қазақстан: Еңбекші ауданында сенбілік өтті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. Ақпаратқа сәйкес, Цементшілер, Орманшы шағынаудандары мен Қазығұрт, ...

Ұмытылмас ерлік — ұрпақ жадында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкенттегі Жеңіс саябағында “Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!” атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. ...