Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

Түркістанда әлемнің әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары және еліміздің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаева «Мұз сарайында» алғаш рет «Мұз шоуы» қойылымын қойды.

Әлемдік турда сондай-ақ Евгения Медведова, Алина Загитова, Елизавета Туктамышева, бастаған 20-дан астам мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті. Олимпиада және Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлері Түркістан төріндегі мұз айдынының көркін қыздырды.

Оларды тәжірибелі жаттықтырушы Этери Тутбаридзе бастап келді. Ол – бірегей спорттық шоулардың авторы.

Шараға қатысушылар осындай эстетикалық спорт түрінің және айрықша бекзада өнердің түркістандық көрерменге қолжетімді болғанына қуанышын жеткізді.

«Мұз сарайында» өткен бұл шоу – әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың басын қосқан бірегей жоба. Осы іс-шарада арнайы келген спорт жұлдыздары өздерінің мәнерлеп сырғанаудан ерекше нөмірлерін көрермендерге ұсынды.

Айта кетейік, Түркістанда қысқы спорт түрлері де дамытылып жатыр. Әлемдік деңгейдегі чемпиондар жас спортшыларымызбен өз тәжірибесімен бөлісіп, оларға спортта үлкен жетістіктерге жетуіне серпін берді және аймақтың туристік әлеуетін көтеруге өз үлесін қосты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...