Шымкент-Ташкент бағытындағы веломарафоны басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент-Ташкент бағытындағы веломарафоны басталды

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты.

Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі.

Айта кетейік, Шымкент пен Ташкент қалаларының арақашықтығы 125 шақырымды құрайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...