Түркістанда «Қарасөз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Қарасөз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Түркістан музыкалық драма театрында Абай мұрасына арналған «Қара сөз» пластикалық спектаклі сахналанды. Қойылым — қазақ даласының кеңдігін, көшпенділердің философиялық ой-өрісін, халықтың болмысын жаңа қырынан танытады.

Жаңа қойылымнан әсер алған түркістандық театрсүйер қауымның ықыласы ерекше болды. Қойылымнан соң премьераға келушілер шығармашылық топқа алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, қойылымның қоюшы режиссер және көркемдік жетекшісі Мадина Мұратбекова, либретто авторы – Анель Ислямова, композиторы – Хамит Шанғалиев және балетмейстерлер – Анна Цой, Әділет Таменов мен Аида Жақсылықова.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...