«Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің іс-шарасы өтті

Бүгін «Жеңіс» саябағында Кеңес Одағы кезіңде шет елдерде әскери борышын өтеген ардагерлерден құралған «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің 9-мамыр «Жеңіс күні» және Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 80-жыл толуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шарада Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов және «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері Кеңес Одағының батыры С.Рахимовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары іс-шараға келген қонақтарды мерекемен құттықтап, қала мен ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайына белсенділік танытып жүрген ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Жас құтқарушылар» үйірмесінің қалалық сайысының жеңімпаздары медальдармен марапатталды.

x

Check Also

Ұмытылмас ерлік — ұрпақ жадында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкенттегі Жеңіс саябағында “Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!” атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. ...

Дәрігерлер тыл ардагерлердің денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында ақ халаттылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №6 ...