Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионаты қыза түсті. 13 және 14 қыркүйек күні ел қоржынына бірқатар жүлделер түсті.

13 қыркүйек күні пневматикалық тапаншада 10 метрге ату жаттығуы бойынша командалық сын өз мәресіне жетті. Бұл сында Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды. Эльдар Иманқұлов, Владимир Исаченко және Валерий Рахимжан қарсыластарынан үздік шықты. Екінші орынға Сауд Арабиясы, үшінші орынға Қырғызстан құрамасы иелік етті.

Жасөспірімдер арасында 10 метрге тапаншамен көздеу жаттығуы бойынша да Қазақстан командасы жеңімпаз атанды. Ярослав Махнев, Алексей Лотарев, Никита Чирюкин үштігі ең көп ұпайға ие болды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Қырғызстан спортшылары жеңіп алды.

Сондай-ақ, кеше пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Ольга Аксенова қола жүлдегер атанды. Ол 215.3 ұпай жинаған. Алтын және күміс медальді Таиланд елінің спортшылары өзара бөлісті.

Айта кетсек, Азия чемпионаты 20 қырүйекке дейін жалғасады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкент: Еңбекші ауданында 10 аумаққа ирригациялық арықтар орнатылады

Шымкент қаласының аудан аумақтарында су жиналу қаупі бар нүктелерге ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауданында биыл осы бағытта бірқатар ...

Шымкентте 9693 бала жазғы лагерьмен қамтылады

2025 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен шілде-тамыз айларында 9 693 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл бастама ҚР Үкіметінің ...